Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Құндызбек Әбдірасылов ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

3-05-2023, 16:22 Думан Кенжеғазыұлы

Құндызбек Болатұлы Әбдірасылов ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Құндызбек Әбдірасылов 1982 жылғы 16 қарашада дүниеге келген. «Әулие Ата» университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітірген. Ақпарат жүйелері, қаржы және құқық салалары бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Салық комитеті Салық тіркеу бөлімінің штаттан тыс қызметкері болып бастады, осы жерде бас маман лауазымына дейін көтерілді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрінің Хатшылығын басқарды.

2014-2018 жылдары Астана қаласының Статистика департаменті басшысының орынбасары, департамент басшысы болды.

Әр жылдары ҚР қаржы министрінің, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының меңгерушісі болып қызмет етті.

Бұрын осы лазауымда болған Асқар Жәкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив