Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Алдау бұлты: әмиянды босататын қақпан

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы азаматтарға бұлттық сервистерге бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud қоймасы толып кеткені туралы жалған хабарламаларды жаппай таратуда. Бұл хабарламалар электрондық пошта, SMS немесе мессенджерлер арқылы келеді.

Хабарламаларда аккаунт бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені айтылып, пайдаланушыны шұғыл әрекетке итермелейді. Алаяқтар ресми сервистердің дизайнын айнытпай көшіріп, сенімге кіреді.

Пайдаланушы сілтеме арқылы өткен жағдайда, жалған (фишингтік) сайтқа түседі. Мұнда енгізілген логин, құпиясөз және банк картасының деректері бірден киберқылмыскерлердің қолына өтеді.

Мұндай тәсіл тек iCloud емес, сонымен қатар Google Drive, Яндекс Диск, Mail.ru бұлты сияқты басқа да танымал сервистер атынан қолданылуы мүмкін.

Қалай қорғануға болады?

  • Күмәнді хабарламалардағы «шұғыл» сілтемелерге өтпеңіз;
  • Бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымша немесе сайт арқылы тексеріңіз;
  • Бөгде сайттарға логин, құпиясөз және банк деректерін енгізбеңіз;
  • Екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосыңыз;
  • Әр сервиске бөлек, күрделі құпиясөз қолданыңыз;
  • Аккаунт бұзылды деген күдік болса, дереу парольді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды жабыңыз.

Маңызды ескерту

Аккаунттың бұғатталуы немесе деректердің жойылуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз.

Сақ болыңыз – алаяқтар сенім арқылы әрекет етеді!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив