Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

«Кітапхана түні» акциясына 15 мыңға жуық оқырман қатысты

21-04-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтті. Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылды.

Атап айтқанда, Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны өткізілді. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұйымдастырылды. Жамбыл облысында көпшілік «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шарасына қатысты. Атырау облысында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын талқылау кеші өтті.

Жалпы республика бойынша 400-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 15 мыңға жуық адам қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив