Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.73 546.57 6.19

Министрлікте мемлекеттік бақылауды күшейту мәселелері талқыланды

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрлігінде вице-министр Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенде (АӨК) мемлекеттік бақылауды күшейту және шегіртке зиянкестерімен күрестің тиімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оған облыс әкімдіктері өкілдері қатысып, тұқым шаруашылығы мен астық нарығы салаларындағы инспекциялық қызметтің негізгі міндеттері, сондай-ақ фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қаралды. Мемлекеттік бақылаудың тиімді жүйесі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына кепілдік берудің, тәуекелдерді төмендетудің және саланың тұрақты дамуының негізі екені айтылды.

Бірқатар бағыттар бойынша, атап айтқанда тұқым шаруашылығы мен астық нарығында тексеру көлемі жеткіліксіз болғандықтан, жергілікті атқарушы органдарға бейінді мамандар санын арттыру және жергілікті жерлерде қадағалау қызметін күшейту мәселесін пысықтау тапсырылды.
Сонымен қатар, саланы реттеуді жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық базадағы проблемалық мәселелер мен алдағы жоспарлар назардан тыс қалмады.

Фитосанитариялық қауіпсіздік бөлігінде әкімдіктерге АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс шараларын жүргізуді үйлестіруді күшейту және олардың таралуының алдын алу, соның ішінде көршілес мемлекеттер аумағында да бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Бүгінде зиянкестер ошағын уақтылы анықтауға, қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге және қабылданатын шаралардың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік беретін мониторинг пен болжаудың цифрлық құралдары белсенді қолданылуда.

Қабылданған шешімдер мемлекеттік бақылау жүйесін нығайтуға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив