Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Жаңа оқу жылынан бастап Абай облысының бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

4-05-2023, 08:54 Думан Кенжеғазыұлы

2023-2024 оқу жылынан бастап Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков мәлімдеді. Ол бастауыш сынып оқушыларынан басқа, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті. 

«Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған», - деді Шалқар Байбеков. 

Оқушы орындарының тапшылығы проблемасын шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады. Атап айтқанда, Семейде 5 мектеп салу жоспарлануда. 

«Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 87 жаңа кабинет жабдықталады, сондай-ақ 11 ауылдық мектепте автобустар сатып алынады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы 8 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіліп, Абай облысының 85 мектебіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі»,- деп атап өтті Шалқар Байбеков.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив