Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Абай облысының әкімі Берік Уәли ауқымды республикалық кітап эстафетасына бастау берді

23-04-2026, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

«Хабар» телеарнасы мен «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының медиажобасы мемлекеттік деңгейде үлкен қолдауға ие болды. Абай облысының әкімі Берік Уәли көпшілікті кітап оқуға жұмылдыруды көздейтін республикалық арнайы кітап эстафетасын ресми түрде іске бастады.

Берік Уәлиұлы осы аптада «Хабар» телеарнасының көрермендеріне Қабдеш Жұмаділовтің шоқтығы биік «Тағдыр» романын оқуды ұсынды. Ал келесі аптаның ұсынылатын кітап таңдау кезегін әріптесі Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа жолдады. 

Кітап эстафетасы қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларына назар аудартуды көздейді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері іліп әкетеді деп күтуде.

Бастаманың басты мақсаты — өңір басшыларының жеке үлгісі арқылы азаматтарды кітап оқуға шабыттандыру.

Тележоба әр аптаның жұма күні «Хабар» арнасындағы «Оян!» бағдарламасы аясында (сағат 07:00-09:00 аралығында) тікелей эфирде шығады. Жүргізушісі — журналист Санат Ілияс. 

Бүгінде «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасына Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында 189 мыңнан астам адам қатысуда. Олардың қатарында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтер, отбасылық әулеттер мен мемлекеттік қызметшілер бар.

Жоба «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры, Қарағанды, Қостанай облыстары және Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесіп, «Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив