Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Астанада Қазақстан мен Әзербайжанның азаматтық қоғамды даму бағытындағы ынтымақтастығы талқыланды

23-04-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында Қазақстан мен Әзербайжан арасында азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Басқосуға Әзербайжанның үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау агенттігінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің мамандары қатысты. Кездесудің мақсаты – орталықтың жұмысымен танысып, өзара тәжірибе бөлісу.

Жиын барысында мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын күшейту және екі ел арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері сөз болды.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді. Алдағы уақытта ортақ бастамаларды қолға алып, тәжірибе алмасуды жалғастырып, бірлескен іс-шараларды өткізу көзделіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив