Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

ІІМ жас қызметкерлері Ұлттық кітап күніне орай кітапханаға барды

23-04-2026, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық кітап күніне орай Ішкі істер министрлігінің жас қызметкерлері Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға барды.

Бұл іс-шара тек бай кітап қорымен танысу ғана емес, сонымен қатар жеке құрам арасында оқу мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болды.

ІІМ-ді ең көп оқитын министрлік деп атауға толық негіз бар. Ведомство басшылығы қызметкерлердің зияткерлік тұрғыда дамуына ерекше көңіл бөліп, жүйелі түрде көркем, тарихи және кәсіби әдебиеттерді оқуды тапсырып келеді. Кітап оқу кәсіби құзыреттілікті арттырудың маңызды құралы ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар бұл бағытта "Серт" атты жыл сайынғы детективтік шығармалар байқауы ерекше орын алады. Бұл байқау жазушылыққа қызығатын қызметкерлерді біріктіріп, аналитикалық ойлау, қырағылық және креативтілікті дамытуға септігін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив