Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс тобының кезекті отырысын бейнеконференция форматында өткізді.
Іс-шараға ШИК жұмыс тобының тең төрағасы Дмитрий Пропп, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің, сондай-ақ ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар жұмыс тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру барысын талқылады. Кездесудің негізгі тақырыптары ретінде еңбек заңнамасын жетілдіру, адами капиталды дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері қаралды.
Тараптар мемлекеттік органдар мен шетелдік бизнес арасындағы сындарлы диалогтың маңызын атап өтіп, инвестициялық ахуалды жақсарту және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында еңбек және көші-қон заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Келесі отырыс 2026 жылғы 15 мамырға жоспарланған.