Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

Қазақстан халықаралық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: Сенат бірқатар заңды мақұлдады

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заңды қарап, депутаттық сауалдар жолдады.

Отырыс барысында Палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Аталған меморандумды ратификациялау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді және экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару саласындағы ұлттық институционалдық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.

«Қаралған құжат Алматы қаласында Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығын құруды көздейді және оның қызметін реттейді. Аталған құрылым өңірде экономиканы және ынтымақтастықты дамытуға арналған жобаларды іске асыруға қолдау көрсетеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенаторлар атап өткендей, Өңірлік орталықтың қызметі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің макроэкономикалық талдау, ақша-кредит және бюджет саясаты, қаржылық реттеу мен қадағалау, сондай-ақ, макроэкономикалық статистика салаларындағы кәсіби дағдыларын дамытуға және біліктілігін арттыруға жол ашады.

Сонымен қатар Өңірлік орталықтың бағдарламалары Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қамтитын бенефициар елдерге озық институттар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін айқын экономикалық саяси бағдар әзірлеп, іске асыру үшін кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері де қарастырылған.

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң да қаралып, мақұлданды. Бұл құжат екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайтуда стратегиялық маңызға ие. Атап айтқанда, әскери мүлік пен жеке құрамды тасымалдау кезінде логистикалық бағыттарды оңтайландыруға мүмкіндік беріп, қорғаныс саласындағы серіктестікті дамытуға ықпал етеді.

Келісімде ұшуларды Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нормаларына және ұлттық заңнама талаптарына сәйкес әуеде үстеп жанармай құюсыз, дыбыстан төмен жылдамдықта жүзеге асыру тәртібі айқындалған. Құжат аэронавигациялық және жердегі қызмет көрсету үшін төлем жасаудың ашық тәртібін де белгілейді. Сондай-ақ апаттық қону жағдайында тараптардың міндеттемелері, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық мамандарға 30 күнге дейін қолжетімділік беру мәселелері нақты регламенттелген.

Іс-шарада сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын да жолдады.

Андрей Лукин балалар үйлерінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінде жүйелі проблемалардың бар екенін айтты. Ол Үкіметке нақты индикаторлар мен жауапты тұлғалар айқындалған Жол картасын әзірлеуді және қажетті өзгерістерді заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды.

Алишер Сатвалдиев өңірлердегі ауыл шаруашылығы саласының проблемаларына жүргізілген кешенді талдауға назар аударып, агроөнеркәсіп кешенін реформалауға арналған стратегиялық бастамалар топтамасын ұсынды. Аталған ұсыныстар шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейтуге, техникалық базаны жаңғыртуға және аграрлық сектордың өсуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив