Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Президент екіжақты байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Басқарма төрағасына алғыс айтып, бірлескен бастамалар мен жобаларды қолдау жалғасатынына сенім білдірді.

Катрина Клаас-Мюльхойзер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Әңгімелесу барысында сауда, инвестиция, өнеркәсіп бағыттарындағы ықпалдастықтың мүмкіндіктері мол екеніне назар аударылды.

Екі елдің энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, логистика және су ресурстарын басқару сияқты салалардағы өзара кооперациясын күшейтуге мән берілді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катрина Клаас-Мюльхойзер алдағы уақытта өтетін С5+Германия форматындағы диалогтың күн тәртібін талқылап, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге уағдаласты.
 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив