15 мыңға жуық елордалық оқушы мен студент экологиялық саммитке қатысты
«Тұрақты болашақ - ортақ көзқарас» өңірлік экологиялық саммитіне 15 мыңға жуық елордалық оқушы мен студент қатысты. Іс-шара барысында экологиялық бастамалар мен тұрақты даму мәселелері талқыланды.
Саммит аясында экологиялық жобалардың екі күндік көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық әзірлемелермен және тәжірибелермен танысты. Әсіресе, өзекті экологиялық мәселелерге нақты шешімдер ұсынған жас өнертапқыштардың бастамаларына ерекше назар аударылды.
Бағдарламаның негізгі оқиғаларының бірі - экологиялық стартаптарды таныстыруға арналған Eco Startup Competition Demo Day алаңы болды. Іс-шара барысында қалдықтарды қайта өңдеу, энергия үнемдеу, баламалы энергия көздерін пайдалану және «жасыл» технологияларды дамыту бағытындағы жобалар ұсынылды.
Ұсынылған бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ болашақта тиімді әрі тұрақты бизнес үлгілерін және «жасыл» экономикаға негізделген жүйелерді дамытуға бағытталған.
Саммиттің өткізілуі білім беру қауымдастығы, сарапшылар мен жас әзірлеушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.