Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Air Astana басшысымен кездесті

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның азаматтық авиациясының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, авиатасымалдардың сапасын арттыру, маршруттық желіні кеңейту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Халықаралық маршруттарды дамытуға, оның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылды. Ұшу уақыты 7 сағатқа дейінгі радиуста жаңа бағыттарды ашу бойынша жұмысты жандандыру қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ әуе кемелері паркін жаңарту жоспарлары қаралды.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев саланың алдағы жылдарға арналған негізгі міндеттерін атап өтті. Басымдықтар қатарында бәсекеге қабілетті авиация нарығын одан әрі дамыту, халық үшін авиатасымалдардың қолжетімділігін арттыру, заманауи цифрлық технологияларды енгізу және халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтау.

Тараптар Министрлік алаңында авиация саласын дамытудың барлық өзекті мәселелері бойынша тығыз іс-қимыл жасауға және контруктивті диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Анықтама:

Ибрагим Жанлыел авиация саласында айтарлықтай халықаралық тәжірибеге ие. Ол KLM, Northwest Airlines және Alitalia сияқты бірқатар ірі халықаралық авиакомпанияларда басшылық лауазымдарды атқарған. «Air Astana» компаниялар тобында 2003 жылдан бастап директор, вице-президент және аға вице-президент лауазымдарында жұмыс атқарған, 2017 жылы қаржы директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы Директорлар кеңесінің мүшесі (үшінші мерзім).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив