Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
457.99 534.15 5.47

Елордада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің үшінші отырысы өтті

27-04-2026, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің үшінші отырысы өтті.

Жиынға Ұлттық ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Халықаралық волонтерлер жылының Халықаралық хатшылығының жетекшісі Сандра Кох, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері, волонтерлік ұйымдар мен сарапшылар қатысты.

Халықаралық хатшылық өкілдері Қазақстанда Халықаралық волонтерлер жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалардың жоғары деңгейде орындалып жатқанын атап өтті. Отырыс барысында елімізде және Орталық Азия өңірінде волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Астанада жүргізіліп жатқан жұмыстар, халықаралық ынтымақтастық және 2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу барысы талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив