Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Шүлбіде «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті

Бүгін, 10:09 018.kz

Абай облысының Шүлбі кентінде Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі ұйымдастырылып, жас сарбаздардың дайындығы мен шеберлігі сынға түсті. Үш күнге созылған ауқымды шараға өңірдің әр аудан-қалаларынан келген 11 команда қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар бірнеше бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы мен «Smart Sarbaz» робототехника сайысында оқушылар өздерінің өнері мен техникалық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, әскерилендірілген кросс пен арқан тарту секілді кезеңдерде қатысушылардың күш-жігері мен ептілігі бағаланды.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Семей қаласының командасы жеңіп алды. Бірінші орынды Жарма ауданының командасы иеленсе, екінші орын Көкпекті ауданының құрамасына бұйырды. Ал Үржар ауданының командасы үздік үштікті түйіндеді.

Жарыс нәтижесінде жеке және командалық есепте жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Аталған іс-шара жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға, олардың отансүйгіштік рухын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив