Облыс әкімі Бородулиха ауданындағы «Лина Агро» шаруашылығының жұмысымен танысты
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Бородулиха ауданындағы «Лина Агро» шаруашылығына барып, егіс алқабын аралап, тұқым себу жұмыстарын көрді.
Мұндағы егіс жұмыстары 27 сәуірде басталып, қазіргі таңда 100 гектарға бидай себілген.
Кәсіпорын 2016 жылы құрылған. Негізгі қызметі – өсімдік шаруашылығы. Қазіргі таңда шаруашылықта 41 адам жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы құрылымында жалпы көлемі 9 261 гектар жер бар. Оның ішінде 9 086 гектары егістік алқап. Мұнда 5 706,1 гектарға бидай, 3 379,9 гектарға күнбағыс егілген. Сонымен қатар 175 гектар жайылым жер қарастырылған.
Шаруашылықтың материалдық-техникалық базасы да жеткілікті деңгейде қалыптасқан. Барлығы 31 техника бар, оның ішінде 19 трактор, 8 комбайн және 4 басқа техника жұмыс істейді.
Аймақ басшысы кәсіпорынның қызметімен танысып, өндірістік әлеуетін, жаңа технологиялар енгізу бағытындағы жұмыстарын
оң бағалады.










