Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Облыс әкімі Бородулиха ауданының Белағаш ауылындағы құрылысы аяқталмай тұрған мәдениет нысанында болды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли Бородулиха ауданының Белағаш ауылында салынып жатқан 100 орындық ауылдық клубтың құрылысымен танысты.

Нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалған.

Аталған ауылдық округте осы уақытқа дейін мәдениет нысаны болмаған. Осыған байланысты жергілікті кәсіпкердің бастамасымен клуб құрылысы қолға алынған. Алайда нысанды мемлекет теңгеріміне сатып алу мәселесі түбегейлі шешілмей, қаржыландырудың болмауы құрылыс қарқынына әсер еткен. Қазіргі таңда жобаны аяқтау үшін 300 миллион теңгеден астам қаржы қажет. Бұл қаражатқа музыкалық жабдықтар, сахналық костюмдер, жиһаздар сатып алу және ғимаратта қарастырылған учаскелік полиция пунктін толық жарақтандыру жұмыстары да кіреді.

Облыс әкімі ауыл тұрғындары үшін аса қажет нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру қажеттігін айтты.

«Ауылда мәдениет нысанының болмауы тұрғындар үшін өзекті мәселе. Клуб – тек мәдени іс-шара ұйымдастырылатын орын емес, ауыл халқының бас қосатын, жастардың бос уақытын тиімді өткізетін маңызды орталығы. Сондықтан бұл нысанның құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беруіміз қажет. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз», – деді Берік Уәли.

Жалпы, Бородулиха ауданында бір аудандық мәдениет үйі, алты округтік мәдениет үйі және төрт ауылдық клуб жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив