Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Теміржолға тағдырын арнаған әулет: Әділхановтар өнегесі

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан теміржол саласының дамуына тұтас әулеттердің қосқан үлесі зор. Осындай еңбек әулеттерінің бірі – бірнеше буын бойы осы салада абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Әділхановтар әулеті.

Әулеттің көрнекті өкілдерінің бірі – Әділханов Қазбек Ыдырысұлы. Ол теміржол көлігі саласында 40 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етіп келеді. Еңбек жолын қарапайым слесарь қызметінен бастаған ол кәсіби біліктілігі мен табандылығының арқасында шебер, бригадир, бөлім басшысы, директордың орынбасары сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Бүгінде «Аягөз вагон жөндеу депосы» ЖШС «Қамқор Вагон» филиалында сапа жөніндегі жетекші инженер болып еңбек етуде.

Қазбек Ыдырысұлы өндірістегі сапаны арттыру мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Ұжым ішінде ол талапшыл, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибесі мол маман ретінде танылған. Сонымен қатар, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәлімгерлік жасап келеді.

Әділхановтар әулетінің теміржол саласындағы еңбек жолы аға буыннан бастау алады. Әулет басшысы Әділханов Ыдырыс Әділханұлы осы салада 51 жыл еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа сара жол салып берді. Оның ұлдары – Ғазиз, Мұқан және Секен Әділхановтар да әке жолын жалғап, теміржол саласында ұзақ жылдар қызмет етіп келеді.

Бүгінде әулеттің келесі буыны да бұл дәстүрден жаңылған жоқ. Ержан Ғазизұлы, Ақерке Ғазизқызы және Рустем Қазбекұлы өз еңбектерімен әулет абыройын арттырып, теміржол саласында еңбек етіп жүр.

Әділхановтар әулеті – адал еңбек пен кәсібиліктің, сабақтастықтың айқын үлгісі. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бұл еңбек жолы тек бір отбасының тарихы ғана емес, тұтас саланың дамуына қосылған сүбелі үлес. Осындай әулеттердің өнегесі жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, ел дамуына қызмет етудің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив