Алматыда халықаралық Solana Summit Kazakhstan 2026 саммиті өтеді
2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында цифрлық активтерді, нақты активтерді токенизациялауды (Real World Assets, RWA) және заманауи қаржылық инфрақұрылымды дамытуға арналған Орталық Азиядағы жетекші конференция – Solana Summit Kazakhstan 2026 өтеді.
Осындай ауқымды іс-шараның Қазақстанда өткізілуі елдегі цифрлық экономиканы, финтех-бағытты және инновациялық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытудың нәтижесі болып табылады. Бүгінде Қазақстан цифрлық активтер мен блокчейн технологиялары саласында өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан алаңдардың бірі саналады.
Елімізде цифрлық қаржы құралдарын дамытуға арналған реттеушілік база қалыптастырылып, цифрлық активтер саласындағы бастамалар іске асырылуда, сондай-ақ технологиялық және инженерлік қауымдастық дамып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық Solana экожүйесінің ресми өңірлік өкілдігі – Superteam Kazakhstan ашылған Орталық Азиядағы алғашқы ел болды.
Саммит аясында қаржы секторында таратылған тізілім технологиясын (distributed ledger technology) қолданудың практикалық сценарийлеріне, активтерді токенизациялау мәселелеріне, цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамытуға және Web3 саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.
Саммиттің негізгі тақырыптары:
• цифрлық активтер мен RWA-ны реттеу
• шикізат активтерін, жылжымайтын мүлікті және борыштық құралдарды токенизациялау
• цифрлық қаржылық инфрақұрылым және төлем шешімдері
• кастодиандық сервистер және compliance
• техникалық стандарттар мен өтімділік механизмдері
Бағдарлама аясында:
• институционалдық панельдік сессиялар
• техникалық және өнімдік тректер
• халықаралық қорлардың қатысуымен startup pitch-сессиялар
• жабық B2B-кездесулер және салалық дөңгелек үстелдер
Саммитке мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының, банктердің, қорлардың, технологиялық компаниялардың және Web3 экожүйелерінің өкілдерін қоса алғанда, 30-дан астам елден 1000-нан астам қатысушының келуі күтілуде.
📍 2026 жылғы 22 мамыр
📍 Swissôtel Wellness Resort Alatau, Алматы
Тіркелу және толық ақпарат:
ru: https://luma.com/solanasummitkazakhstan?utm_source=maidd
eng: https://luma.com/solana-summit-kazakhstan?utm_source=maidd
БАҚ аккредиттеу бойынша: +7 708 102 6083, Салтанат Superteam Kz