Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

ІІМ: Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді

Бүгін, 10:09 018.kz

 Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар. Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді.

- 21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді.

Мысалы, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған.

Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады. "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив