Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Абай облысы Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы өтті

14-05-2026, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Абай облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Діни бірлестіктер басшылары клубының екінші отырысы өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық өзекті мәселелерді шешуде діни бірлестіктер арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды дамыту.

Отырыс барысында басқарма басшысы Сейілбек Әбиұрұлы Ысқақов қоғамдағы бірлік пен толеранттылықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, жастарды діни радикализм мен жалған идеологиялардың ықпалынан қорғау қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, өзара сыйластық пен төзімділік қағидаттарын дәріптеудің маңызына назар аударды.

Кездесу аясында Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат Өмірханов баяндама жасап, діни бірлестіктердің қоғамда парасаттылықты, ізгілікті және моральдық жауапкершілікті насихаттауда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Шара барысында конфессияаралық татулықты сақтау, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту және ортақ құндылықтарды дәріптеу бағытындағы бірлескен жұмыстар талқыланды. Кездесу өзара ынтымақтастықты арттыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив