Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
470.17 547.47 6.42

Құқықтарыңызды қорғаудағы цифрлық көмекші: Telegram «EgovKzBot2.0»

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтармен өзара іс-қимыл жасауға арналған заманауи әрі тиімді құрал  Telegram-бот EgovKzBot2.0-ды ұсынады.

Бұл платформа мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдану рәсімін жеңілдету және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында әзірленген.

Ботты пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

Өтініштерді ыңғайлы форматта жолдау мүмкіндігі: смартфон арқылы мәтіндік, аудио және бейне хабарламалар қабылданады.

Ресми мәртебе аталған кері байланыс арнасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен әзірленген.

Жылдамдық және қолжетімділік: мәселелер онлайн форматта шешіледі, бұл мемлекеттік органдарға бару қажеттілігін жояды және күту уақытын қысқартады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті азаматтарға жедел кеңес беру мақсатында осы ботты белсенді түрде қолдануда.

Егер сіз өз құқықтарыңыздың бұзылуына тап болсаңыз немесе мемлекеттік қызметтерді жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса, EgovKzBot2.0 платформасын пайдалана аласыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив