Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Абай облысы делегациясы Австралиядағы мал шаруашылығының озық тәжірибесімен танысты

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының делегациясы Австралия еліне барып, мал шаруашылығын дамытудағы озық тәжірибелерді зерделеді. Бірқатар ірі шаруашылықтарды аралап, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи технологиялар мен тиімді басқару тәсілдерін көрді.

Сапар барысында әлемге танымал меринос, дорпер, австралиялық ақ қой, тексель, полл дорсет сияқты қой тұқымдарының өсіру ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ 5 мың бас ірі қара мен 60 мың бас қойға арналған ірі мал сауда орталығының жұмысы және бордақылау алаңдарының қызметі қаралды. Жергілікті мамандар қойды асылдандыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетті. Делегация қой қырқу процесін де куә болды. Бұл тәжірибе мал өнімділігін арттыру мен жүн сапасын жақсартуда тиімділігімен ерекшеленеді.

Бордақылау алаңдарындағы автоматтандырылған жем беру жүйесі фермерлердің қызығушылығын тудырды. Мұндай технологиялар малдың тез әрі тиімді салмақ қосуына мүмкіндік береді. Австралия шаруашылықтарында қолданылатын автоматты азықтандыру және цифрлық басқару жүйелері ауыл шаруашылығын дамытудағы инновациялық шешімдер ретінде қарастырылды.

Сапар қорытындысы бойынша жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, екпе шөп егу және қоршау арқылы мал жаю жүйесін енгізу жоспарланды. Сонымен қатар бірқатар шаруаларда автоматтандырылған бордақылау алаңдарын іске қосу көзделуде.

Бұдан бөлек, ангус және герефорд тұқымды малды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілді. Бұл бастамалар ет сапасын арттыруға, жайылым жерлерінің тозуын азайтуға және мал шаруашылығының тиімділігін көтеруге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив