Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Абай облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында 6 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында "Таза Қазақстан" республикалық бастамасы аясында қоғамдық тәртіпті нығайту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері өңірде барлығы 5964 құқық бұзушылық дерегі анықталып, жолы кесілді.

Атап айтқанда, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 481 құқық бұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, жасыл желектерге зақым келтіру секілді экологиялық тәртіпке қайшы 5483 дерек анықталған.

Құқық бұзушылықтарды анықтау барысында заманауи технологиялар да қолданылуда. Атап айтқанда, бақылау жұмыстарына дрондар тартылып, олардың көмегімен бірқатар заң бұзу фактілері тіркелген.

Бұл бағытта тек бақылау шаралары ғана емес, алдын алу және түсіндіру жұмыстары да кең көлемде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, профилактикалық мониторинг жүргізіп келеді.

Сонымен қатар тұрғындар арасында санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету және экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілген.

     Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастырып, қоғамдық мәдениетті дамытуға оң әсер етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив