Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Облыс әкімі «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының Басқарма төрағасы Александр Бабичевпен кездесті

Бүгін, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Басқарма төрағасы Александр Бабичев бастаған делегациямен кездесіп, өңірдегі байланыс және интернет инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында облыстағы мобильді байланыс сапасын арттыру, жаңа базалық станциялар орнату, ауылдық елді мекендердегі интернет жылдамдығын жақсарту және туристік аймақтарды сапалы байланыспен қамту бағытындағы жоспарлар қаралды.

Қазір облыс елді мекендерінің 68 пайызы Tele2/Altel желісімен қамтылған. Семей қаласында 59 базалық 5G станциясы жұмыс істеп тұр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Бұл шешім еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті кең көлемде енгізу мақсатында қабылданды. Біздің облыста бұл бағытта бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып, Абай облысының байланыс және интернет инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдіреміз»,-деді Берік Уәли.

Жиын қорытындысы бойынша Абай облысының әкімдігі мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС арасында байланыс пен интернетті дамыту бағытындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында 2026 жылы Семей қаласында 5G стандартының 29 базалық станциясын іске қосу, қосымша 10 базалық станция салу және 26 станцияны жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар облыс аумағындағы елді мекендерде тағы 7 базалық станция орнатылып, 3 станция жаңартылады.

Сондай-ақ интернет сапасы төмен ауылдарда 3G желісін 4G форматына көшіру, Семей қаласындағы байланыс әлсіз аймақтарды жою және Алакөл жағалауы мен Қабанбай ауылындағы мобильді интернет сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілмек.

Айта кетерлік жайт, соңғы үш жылда «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының Абай облысына салған инвестиция көлемі 6,5 млрд теңгеден асқан. Ал биыл өңірдің байланыс және интернет инфрақұрылымын дамытуға шамамен 1,2 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив