Абай гарнизонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандарының жиыны өтті
Қазақстан Республикасының Құрлық әскерлері 2026 жылғы оқу жылының жоспарына сәйкес Абай гарнизонында жалпы әскери бригадалардың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастықтары мен зениттік дивизион командирлерінің оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.
Үш күнге созылған жиын барысында офицерлердің кәсіби дайындық деңгейін анықтау мақсатында түрлі сынақтар қабылданып, білімдері мен тәжірибелері тексерілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі кезеңдегі өзекті бағыттардың бірі саналатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыру, саладағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастыру. Сонымен қатар алдағы оқу жылына арналған нақты талаптар мен міндеттер айқындалды.
Жиын Семей қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы командалық пунктінде және әуе базасында өтті. Оған еліміздің әр өңірінен келген отызға жуық офицер қатысты.
Оқу-әдістемелік жиын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін арттырып, бөлімдердің үйлесімді әрекетін жетілдіруге бағытталды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі




