Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Сенаторлар шақыру науқанын жетілдіру мәселесін талқылады

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті елордадағы жиналу бекетінде шақыру науқанын ұйымдастыру, шақыру инфрақұрылымының жай-күйі, шақыру комиссияларының қызметі және Қарулы Күштерді жасақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларға арналған көшпелі отырыс өткізді.

Депутаттар отырыс алдында Астана қалалық жиналу бекетінің жұмысымен танысып, оның инфрақұрылымы мен шақыру іс-шараларын өткізу шарттарын қарап шықты. Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, цифрлық даму министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Комитет төрағасы Андрей Лукин отырысты аша келіп, шақыру науқанын сапалы ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, медициналық комиссиялардың жұмысы ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені әскерге шақырылушыларды куәландырудағы қателіктер қызметке жарамсыздық туралы дәлелі бар азаматтарды негізсіз шақыру мен шақыру жүйесі туралы қоғамдық түсінікке теріс әсер етуі мүмкін.

«Медициналық комиссиялардың жұмысы басты көрсеткіш болып табылады. БАҚ-та жүйке ауруының белгісі бар, психикалық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз адамдарды, сондай-ақ патологиясы мен созылмалы аурулары бар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру деректері туралы жиі жариялана бастады. Медициналық куәландыру кезіндегі қателік пен тексерулер және азаматтарды әскери қызметке негізсіз шақыру жастар мен жалпы қоғамның әскерге шақыру науқанына теріс көзқарасын қалыптастыруда», - деді Андрей Лукин.

Отырыс барысында қатысушылар шақыру инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйін, хабарлау және медициналық куәландыру процестерін цифрландыруды, сондай-ақ шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру жөніндегі жұмыстың тиімділігін талқылады. Елорда халқының санының өсуіне байланысты аудандық қорғаныс істері басқармаларына кадрлық жүктемеге ерекше назар аударылды.

Андрей Лукин отырысты қорытындылай келіп, депутаттар талқылау барысында айтылған ұсыныстарды заңнаманы жетілдіру жұмысы барысында зерделейтінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив