Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Абай облысында мәдениет пен өнер майталмандарына құрмет көрсетілді

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Берік Уәли мәдениет саласының мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады.

Шара барысында мәдениет саласында көпжылдық еңбегімен және жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар, ҚР Президентінің алғыс хаты, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы және төсбелгілер табысталды.

Аймақ басшысы мәдениет саласының ұлт руханиятындағы маңызына тоқталып, оның қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті.

«Баршаңызды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ең алдымен мәдениет арқылы ұлықталады», – деп атап өткен болатын. Осы бағытта Абай облысында мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Өңірімізде жаңа мәдениет үйлері салынып, ауыл клубтары жаңғыртылып, шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетілуде. Мұның барлығы – ел руханиятына жасалған инвестиция. Құрметті өнер майталмандары, әрдайым халықтың ыстық ықыласына бөленіп, шығармашылық шабыттарыңыз шалқи берсін, өнерлеріңіз өрлей берсін!», - деді Берік Уәли.

Әміре Қашаубаев атындағы филармония әртісі Аманжол Самыков пен «Абай атындағы театр» әртісі Азамат Нұрғамысқа «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының директоры Ұлан Сағадиев Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғысы» мен «Алтын барыс» төсбелгісіне ие болды. Сондай-ақ сала үздіктеріне «Еңбек ардагері» медалімен, «Мәдениет саласының үздігі» және «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив