Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

«Integrity Talks: Академиялық адалдық және жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEDx форматындағы кездесу өтті

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Шәкәрім университетінде «Саналы ұрпақ» студенттік клубының ұйымдастыруымен «Integrity Talks: Академиялық адалдық және жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEDx форматындағы кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – университетте академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын дәріптеу.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары мен Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қатысып, жастармен ашық пікір алмасты.

Шара барысында академиялық адалдықтың қоғам дамуындағы маңызы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтық жауапкершілік және жастардың белсенді ұстанымы туралы кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар спикерлердің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен танысып, мемлекеттік қызмет, жастар саясаты және адалдық қағидаттары жөнінде еркін форматта сұхбат құрды.

Аталған кездесу Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген ақпараттық жұмыстар жоспары мен 2026 жылғы 12 наурызда бекітілген өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

TEDx форматындағы кездесуге «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері, университет студенттері мен оқытушылары қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив