Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

8-05-2023, 12:14 Думан Кенжеғазыұлы

Жеңіс күнінің 78 жылдығы қарсаңында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барды. 

Өңір басшысы Ұлы Отан соғысының қатысушысы 95 жастағы Екатерина Краснянскаяның үйіне барды. 1942 жылы 14 жасар жасөспірім кезінде ол әскери госпитальға санитар ретінде жұмысқа кетті. Волхов және Ленинград майдандарының қимылдарына қатысты. «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Екатерина Семеновна облыс басшылығына құттықтаулары үшін алғыс айтып, барша қазақстандықтарға бейбіт аспан мен зор денсаулық тіледі.

Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының Құрметті азаматы, тыл еңбеккері Абдуали Имахановты Жеңіс күнімен құттықтады.

96 жастағы ақсақал Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі үшін КСРО орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа батасын берді. 10 бала тәрбиелеп өсірді. Қазір ол Семей қаласында тұрады. 

Нұрлан Ұранхаев барлық ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, өскелең ұрпақ олардан үлгі алып, баға жетпес тәжірибелерін қабылдауы үшін оларға зор денсаулық, амандық тіледі. Олардың әрқайсысына естелік сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив