Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Салық кодексі жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкестендіріледі

2-06-2026, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, онда «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қарады.

Талқылауға Ұлттық экономика, Қаржы және Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.

Заң 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне сәйкес Салық кодексінің нормаларын бейімдеу мақсатында әзірленген. Атап айтқанда, құжатта бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуына, Қазақстан Халық Кеңесінің жасақталуына, сондай-ақ азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жолдаған өтініштері бойынша мемлекеттік баж салығын алып тастауға байланысты өзгерістер енгізу көзделген.

Отырыс барысында қатысушылар ұсынылып отырған түзетулерді және оларды іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив