Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

3-06-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелла мен оның отандастарын ұлттық мереке – Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады.
 
Президент Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің ерекше маңызын атап өтіп, екі елдің сан қырлы ықпалдастығы алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Италия халқына құт-береке тіледі.
 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы елдің ұлттық мерекесіне орай Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге де құттықтау жеделхатын жолдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив