Қазақстанның бірнеше өңірінде жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды
Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында «Заң мен тәртіп» және Esirtkisiz Qazaqstan қағидаттарын насихаттау мақсатында іс-шаралар өтті. Бастама ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Esbol Qory қоғамдық қорының тарапынан жүзеге асырылды.
Іс-шаралар аясында еліміздің батыс өңірлеріндегі белсенді жастардың, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуде жастарды зиянды әдеттерден сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.
Сондай-ақ жастар саясаты саласының мамандарына арналған оқыту семинарлары, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер және студенттермен ашық пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.