Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.4 539.39 6.07

Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында әуе қатынасы ашылуда

4-06-2026, 12:17 018.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Осылайша, аталған жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) жиілікпен Астана – Ұлан-Батыр бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындайды. Ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап аталған бағыт бойынша рейстер саны аптасына 4-ке дейін артады. Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы рейстердің жалпы саны 2 әуе бағыты бойынша аптасына 6-ға дейін ұлғаяды.

Астана және Ұлан-Батыр қалалары арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив