Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Қазақстанның құнды жәдігерлері «Бір белдеу, бір жол» бұлтты музейінде таныстырылады

11-06-2026, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бейжіңде өткен IV Дүниежүзілік музей директорлары форумы аясында «Бір белдеу, бір жол» бұлтты музейі жобасының алдын ала таныстырылымы өтті. Жобаның бастамашысы – Қытайдың Ұлттық музейі.

Халықаралық цифрлық платформаның таныстырылымына Қазақстан, Қытай, Португалия және басқа да елдердің музей басшылары қатысты.

«Бір белдеу, бір жол» бұлтты музейі жобасы әр елдің музей қорларын ортақ платформаға жинақтап, көпшілікке тарихи және мәдени мұрамен кеңінен танысуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында әлем халықтарының бірегей жәдігерлері, тарихи деректері мен мәдени мұрасы цифрлық форматта ұсынылады.

Жобаны жүзеге асыру жұмыстары 2026-2030 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Платформаның ресми іске қосылуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеріп, музей ісіндегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда еліміздің әр өңіріндегі ондаған мың жәдігерді біріктіретін бірыңғай E-museum ұлттық порталы жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив