Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.59 564.37 6.79

Олжас Бектенов Өскемен титан-магний комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен Қазақстанның титан өнеркәсібін дамыту мәселесін талқылады

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесті. Жүздесу барысында кәсіпорынның орнықты дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және Қазақстанның жаһандық титан нарығындағы ұстанымын одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтитын әлемдегі ең ірі тігінен интеграцияланған титан өндірушілердің бірі. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 87 млрд теңгеге 12 мың тонна титан сатылды. Биыл титан құймалары мен қорытпалары өндірісі 7%-ға өседі деп болжануда. Кәсіпорын өнімдері аэроғарыш саласында, мұнай-химия және атом өнеркәсібінде, медицина мен кеме жасау өндірісінде қолданылады. Қазақстандық титанның аэроғарыш саласының жаһандық нарығындағы үлесі шамамен 20%-ды құрайды. Өскемен титан-магний комбинаты Boeing, Airbus, Safran, Rolls-Royce, TIMET, Howmet Aerospace, Dynamet, PCC және POSCO сияқты жетекші халықаралық өнеркәсіптік корпорациялардың бекітілген жеткізушісі болып саналады.

ӨТМК-нің 2033 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламасына назар аударылды. Оған жалпы сомасы 255,5 млрд теңге болатын 25 жоба кіреді. Олардың ішінде, кәсіпорынның жобалық қуатын жылына 10 мың тоннаға ұлғайта отырып, кеуекті титан өндіру бойынша жаңа цех салу,  газ тазарту жабдығын жаңғырту, бірыңғай өнеркәсіптік MES-жүйесін енгізу, сондай-ақ өндірістік деректерді, энергияны тұтынуды, технологиялық бақылауды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті талдау үшін жасанды интеллекті мен талдау платформасын іске қосу бар. Осы жобаларды жүзеге асыру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға және кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, шикізат базасын қамтамасыз ету, халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, экспорттық әлеуетті сақтау және сыртқы нарықтарда титан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов ӨТМК-ні дамыту Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін нығайту, жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару және Қазақстанды жаһандық өндірістік тізбектерге енгізу бойынша қойған міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив