Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

ҚР Көлік министрлігі Ұлан-Батырдағы ОААЭЫ отырысына қатысты

11-06-2026, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық (ОААЭЫ) бағдарламасының көлік секторын үйлестіру комитетінің 23-отырысына қатысты. Аталған жиын Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтті.

Отырыс барысында өңір елдерінің қатысушылары ОААЭЫ көлік жүйесін дамытуға қатысты негізгі мәселелерді талқылады. Олардың қатарында халықаралық көлік дәліздерін жаңғырту, транзиттік бағыттардың тиімділігін арттыру, автомобиль жолдарын дамыту және қатысушы мемлекеттер арасындағы көлік байланысын нығайту мәселелері қаралды.

Сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жол саласында заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ өңірлік көлік желісінің қауіпсіздігі мен орнықтылығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Министрлік өкілдерінің үйлестіру комитетінің жұмысына қатысуы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық бастамаларды ілгерілетуге және көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы озық тәжірибемен алмасуға бағытталған.

Анықтама үшін:

ОААЭЫ (Central Asia Regional Economic Cooperation) — Азия даму банкінің үйлестіруімен 11 ел мен даму серіктестерін біріктіретін өңірлік ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарлама көлік дәліздерін, сауда байланысын, энергетиканы және цифрлық интеграцияны дамытуға бағытталған, сондай-ақ өңірдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив