Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.76 562.39 6.75

Көлік министрлігі жол саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Дүниежүзілік жол қауымдастығының (PIARC) техникалық комитеттері сарапшыларына арналған оқыту семинары өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, ұлттық жол ұйымдарының және халықаралық сарапшылар қауымдастығының өкілдерін бір алаңға біріктірді. Семинардың басты оқиғасы PIARC Бас хатшысы Мигель Касо Флорестің қатысуы болды. Ол қазақстандық сарапшыларға арналған оқыту жүргізіп, әлемдік жол саласының өзекті даму бағыттарын талқылады.

Бүгінде PIARC автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтіп-ұстау және пайдалану саласындағы заманауи тәсілдерді қалыптастыру мен тәжірибе алмасудың жетекші халықаралық алаңдарының бірі болып табылады. Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамыту мен озық салалық шешімдерді енгізудің маңызды құралы ретінде халықаралық ынтымақтастыққа басымдық бере отырып, Ассоциациямен өзара іс-қимылды жүйелі түрде кеңейтіп келеді.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ PIARC техникалық комитеттерінің мүшелері мен кәсіби қауымдастық өкілдері қатысты. Қатысушылар құрамының кең ауқымы мемлекеттік басқару, практикалық тәжірибе және ғылыми сараптаманы ұштастыратын Қазақстанның көлік саласын дамытудағы кешенді тәсілін көрсетеді.

Іс-шара барысында заманауи технологияларды енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту және жол саласындағы халықаралық сарапшылық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар аясында қатысушылар жол саласының қазіргі сын-қатерлерін, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды, кадрлар даярлау бағыттарын және 2027 жылы өтетін PIARC Халықаралық қысқы конгресіне дайындық мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив