Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.76 562.39 6.75

Облыс әкімі Ақсуатта шетелдік инвесторлармен кездесті

6-06-2026, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданында өтіп жатқан «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі аясында аймақ басшысы Берік Уәли Қытайдың Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Шэньчжэнь қалаларынан келген ірі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге Азиядағы жетекші бизнес мектептердің бірі саналатын Цинхуа университеті бизнес мектебінің түлектерінен құралған делегация, сондай-ақ, кәсіпкер Дулат Тастекеев, облыстың тиісті басқарма басшылары қатысты.

Қонақтар өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысып, туризм, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында сөз сөйлеген «BRI Consulting Limited» компаниясының бас директоры Чэнь Хао Абай облысының инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып, мал шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарыққа, оның ішінде Қытайға экспорттау бағытында ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.

Облыс әкімі өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, шетелдік инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге, тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін, әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив