Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Астанада өткен C5+1 диалогында көлік-логистика байланыстарын дамыту мәселелері талқыланды

12-06-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Маңызды минералдар жөніндегі C5+1 диалогы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жаһандық жеткізу және бағаны қалыптастыру тізбектерін дамыту мәселелеріне арналған тақырыптық сессия өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту перспективаларын, инвестициялар тарту мәселелерін, сондай-ақ ел ішінде бағаны қалыптастыру тетіктерін талқылады.

Сессия жұмысына Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік органдарының басшылары және өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, америкалық тарап маңызды минералдардың экспорттық әлеуетін дамытуға және логистикалық тізбектердің орнықтылығын арттыруға қызығушылық танытты.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың, инвестициялар тартудың және АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив