Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

12-06-2026, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссия мүшелері әдебиет және өнер салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 32 жұмысты қарады.

Құрамына еліміздің зиялы қауым өкілдері енген комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның биылғы Мемлекеттік сыйлыққа түскен жұмыстар туралы ақпаратын тыңдады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Комиссия конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлерді анықтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив