Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.76 562.39 6.75

Қазақстан IT саласы үшін салықтық жеңілдіктерді 2045 жылға дейін сақтап қалуды жоспарлап отыр

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі еліміздегі технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұзақ мерзімді оңтайлы жағдайлар жасау аясында бірқатар жұмыстарды бастады. 

Экономиканы цифрлық трансформациялау стратегиясын жүзеге асыру аясында ведомство Astana Hub қатысушыларын қолдаудың 2028 жылдан кейінгі параметрлерін 2045 жылға дейін жоспарлауды әзірлеуде. 

Бұл бастама Қазақстанның аймақтық IT-хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүмкіндік беретін болжамды әрі бәсекеге қабілетті бизнес-ортаны құруға бағытталған. 2045 жылға дейінгі дамудың ұзақ мерзімді пайымы ЖИ саласындағы жаһандық трендтерді, экспорттық әлеуеттің ауқымын кеңейтуді және жоғары технологиялық инвестицияларды тарту қажеттілігін ескереді. 

Атап өтер болсақ, Astana Hub цифрлық экономиканы дамытудағы  тиімділігін дәлелдеді, сондықтан ведомствоның бүгінгі міндеті - қол жеткізілген қарқынды сақтай отырып, әрбір IT-компания үшін ондаған жылдарға жоспарлау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сапалы серпіліс жасау. 

Қазіргі таңда Astana Hub экожүйесі сенімді өсім көрсетуде: хабта 2 268 компания тіркелген, 35 мың жоғары білікті жұмыс орны құрылған, 438 млрд теңге инвестиция тартылған, ал қазақстандық IT-шешімдердің экспорт көлемі 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. 

Қазіргі уақытта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі сарапшылар қауымдастығымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмыстар аясында қолданыстағы тетіктерді талдап, бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. Мұндағы басты назар инноваторлар үшін бірегей ортаны қалыптастыруға, адами капиталды дамытуға және ЖИ саласындағы озық шешімдерді енгізуге аударылады. 

Astana Hub-тың дамуына арналған ұзақ мерзімді стратегияны қалыптастыру - Қазақстанды әлемдегі технологиялық бизнес үшін ең тартымды юрисдикциялардың біріне айналдыруды көздейтін мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив