Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

15-06-2026, 12:17 018.kz

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат К.-дан танымал маркетплейстердің бірінен сатып алынған қымбат Garmin брендінің сағатына қатысты өтініш келіп түсті.

Өтініште тауарды алғаннан кейін сағаттың диаметрі тұтынушыға сәйкес келетін өлшемге сай келмейтіні анықталды.

Осыған байланысты тұтынушы Garmin брендінің сағатын өзіне қолайлы өлшемдегі дәл сондай сағатқа ауыстыруды немесе төленген ақшаны қайтаруды сұраған.

Алайда сатушы қорғаныш қаптамасының ашылғанын алға тартып, тауарды айырбастаудан және ақшаны қайтарудан бас тартқан. Дегенмен, өтінішке қоса берілген фотосуреттер арқылы сағаттың тауарлық түрі толық сақталғаны расталды.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес, егер тауар пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары мен заттаңбалары сақталса, сондай-ақ сатып алуды растайтын құжаттар болған жағдайда, сатушы (дайындаушы) сапалы азық-түлік емес тауарды сатып алынған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті, егер шартта өзгеше көзделмесе.

Азамат К.-ның өтінішін қарау барысында Департамент мамандары оған құқықтық-консультациялық көмек көрсетті. Соның нәтижесінде сатушы тауарды қайтарып алуға және тауар бойынша рәсімделген бөліп төлеу шартын жоюға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив