Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.33 566.3 6.74

Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға арналған шағын футбол турнирі өтті

Бүгін, 14:59 018.kz

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен қалалық шағын футбол турнирі өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және өзге де мекемелердің командалары қатысып, айналмалы жүйе бойынша бақ сынады. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Семей Банк ЦентрКредит» командасы иеленді. Екінші орынға «Саналы ұрпақ» волонтерлер клубының командасы тұрақтаса, үшінші орынды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы мамандарынан құралған команда жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив