Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Мәжіліс төрағасы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9-05-2023, 15:06 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астанада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.

Салтанатты рәсім Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы күні өтті.

Іс-шарада Палата Спикері, Парламенттегі саяси партиялар фракцияларының басшылары мен қала тұрғындары соғыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кету керек, соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды, олардың жартысы елге оралған жоқ. Көптеген қазақстандық соғыста көрсеткен ерлігі үшін ең жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталды.

Солардың бірі – қазақ халқының даңқты қызы, мерген Әлия Молдағұлова. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.  

Суретті түсірген Ж. Жумабеков

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив