Семейде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
9 мамыр күні Семейдегі Жеңіс саябағы алаңында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, «Шығыс» өңірлік қолбашылығының офицерлері, жасұландықтар, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері қатысты.
Алаңға жиналғандар соғыс даласында қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Ұлы Жеңіс күнін ерекше сезіммен қарсы алған әрбір тұрғын үшін қасиетті маңызға ие екенін атап өтті.
Биыл Ұлы Отан соғысының батырлары - Гулькин Иван Тихонович, Елистратов Сергей Алексеевич, Зарудин Юрий Федорович, Камоликов Дмитрий Тимофеевич, Косенков Иван Васильевич, Медведев Михаил Михайлович, Окунев Григорий Селиверстовичтің туғанына 100 жыл толады. Олардың есімдері Даңқ алеясында қашалып жазылған,- деп еске алды әкім.
Ол сондай-ақ қорқынышты соғыстың ауыртпалығы мен қиындығын бастан өткерген тыл еңбеккерлеріне назар аударды.
Іс-шара Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің қойылымымен және қалалық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сондай-ақ, алаңда далалық ас үй ашылды, онда қонақтарға сарбаз ботқасы ұсынылды.