Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан мен Литва тікелей әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр

1-02-2023, 18:27 Думан Кенжеғазыұлы

Вильнюс қаласында (Литва Республикасы) Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы Туризм жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Литва Республикасының тобын – Литва Республикасының Экономика және инновациялар вице-министрі Винцас Юргутис басқарды.

Екі ел өкілдерінің кездесуі туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылауға арналды. Тараптардың әңгімелесу барысында атап өтілгендей, туризмдегі бірлескен қызметті одан әрі нығайту Қазақстан мен Литваның ортақ мақсаты. Литва тарапы 2021 жылы елге 2,5 миллион турист келгенін атап өтті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 16% - ға өскен.

Өз кезегінде, қазақстандық өкілдер елімізде келу туризмі қалпына келе жатқанын хабарлады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша келушілер саны 4,7 млн.астам адамды құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 3 есе артық.

Е. Еркінбаев елімізде шетелдік туристердің өсуіне саланы мемлекеттік қолдау мен цифрландырудың бұрын-соңды болмаған іс-шаралары белсенді түрде ықпал ететінін атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда туристерді тіркеу, туристік ағымды талдау және e-qonaq көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған бірыңғай ақпараттық жүйесі мен саяхатшыларға арналған туристік Kazakhstan.travel порталы жұмыс істейді.

«Порталда ақпарат 8 тілде ұсынылған. Онда оқиғалар күнтізбесі, туристік нысандар туралы тың мәліметтер, MICE бөлімі, фотобанк бөлімі, маркетплейс, туристік агенттіктердің, гидтердің, қолөнершілердің реестрі  сынды бөліктер бар»,-деп толықтырды ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.

Отырыс қорытындысы бойынша екі ел өкілдері елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу, туризм мақсатында Литваға кіру үшін Қазақстан азаматтарының визасыз режим жүйесімен жүруі, туристік әлеует туралы имидждік материалдарды ілгерілету мәселелерін пысықтауды жалғастыруға келісті. Сондай-ақ, тараптар Алматы қаласының Шымбұлақ курортында Литва туризмі күндерін және Вильнюс қаласында Қазақстан туризмі күндерін өткізуді жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив