Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

«Халықтық құрылыс»: ел инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бастама

Бүгін, 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін маңызды бастамалардың бірі – «Халықтық құрылыс» бағдарламасы таныстырылды.

Аталған бастама еліміздің барлық өңірінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Бағдарлама аясында жолдар, әуежайлар мен вокзалдар салынып, денсаулық сақтау мекемелері, мектептер, спорт кешендері, кітапханалар және мәдениет нысандары бой көтермек. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу, тұрғын үй құрылысын дамыту және елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын жақсарту көзделген.

Мемлекет басшысының айтуынша, «Халықтық құрылыс» – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканы жандандыруға ықпал ететін Қазақстан тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі.

Жоспар бойынша, 2029 жылдың соңына дейін бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бағыттау көзделіп отыр. Сондай-ақ Президент 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Бұл бастаманың басты ерекшелігі – құрылыс жұмыстары тек ірі қалалармен шектелмей, облыс орталықтарын, аудандар мен шалғай елді мекендерді де қамтуы тиіс.

«Халықтық құрылыс» – тек жаңа ғимараттар мен нысандар салу емес, бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, өңірлердің әлеуетін арттыру және келер ұрпаққа заманауи инфрақұрылымы қалыптасқан ел қалдыру жолындағы маңызды қадам.


 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив