Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау функцияларын біріктіру мәселесі талқыланды

10-05-2023, 14:15 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің қатысуымен өткен кеңесте ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау функцияларын бірыңғай құрылымға біріктіру мәселесі талқыланды.

Жоспарланған бірігудің негізгі мақсаты – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау рәсімдерінде «көрінбейтін аймақтарды» жою. Бүгінгі таңда бұл біртұтас процестің функциялары үш мемлекеттік құрылым арасында бөлінген, соның нәтижесінде функционалдардың түйіскен жерінде «көрінбейтін аймақтар» пайда болады. Бұл мәселе 2023 жылғы наурызда Премьер-Министр орынбасарының қатысуымен өткен кеңесте көтеріліп, оның қорытындысы бойынша функционалдық талдау жүргізіп, үш құрылымды бір құрылымға біріктірудің барлық оң және теріс жақтарын зерттеу тапсырылды. 

Ветеринария мен фитосанитарияның функцияларын біріктіру жаңа идея емес. 2007 жылға дейін бұл қызметтер бөлек жұмыс істеді, 2007 жылдан 2011 жылға дейін біріктіріліп, 2012 жылдан бастап олар қайтадан өз функцияларына жауапты болды.

Талдау нәтижелерін ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов баяндады. Ол бүгінде АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы реттеу, енгізу және бақылау функцияларын жүзеге асыратынын түсіндірді. Ал, агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығын реттеу, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласына жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Екі комитеттің де аудандарда, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда өздерінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелері, соның ішінде зертханалары болады.

«Сонымен қатар біз халықаралық тәжірибені де зерттедік. Литва Республикасында 2000 жылы реформа жүргізілді, нәтижесінде үш орган біріктіріліп, мемлекеттік азық-түлік және ветеринария қызметі құрылды. Осының арқасында ЕО-ның мүшесі болып саналатын Литвада «фермадан үстелге дейін» тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, сондай-ақ өндіру, импорттау, тасымалдау, сақтау және саудалау толық бақылауға алынған. ҚХР-да экспорт-импорт өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды бас кеден басқармасы жүзеге асырады. Нәтижесінде дайын азық-түлік өнімдеріне, егін және мал шаруашылығын сараптау бір анықтама беру арқылы Бас кеден басқармасының зертханасында жүргізіледі. Әзербайжан Республикасында 2017 жылы Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі агенттік құрылды, ол тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды, ветеринариялық және фитосанитарлық бақылауды нормативтік реттеуді және процестің барлық кезеңдерінде, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қоса алғанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты басқа да функцияларды жүзеге асырады», — деді Рүстем Құрманов.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин біріктіру туралы шешім тек мұқият талдау негізінде қабылдануы тиіс деп түйіндеді. Мәселені терең әрі жан-жақты пысықтау үшін мүдделі ведомстволардың вице-министрлері деңгейінде, соның ішінде СЖРА, Ұлттық экономика министрлігі және басқа өкілдерінен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив