Полиция департаменті Семейдегі шұңқырға түсіп кеткен көлікке қатысты түсініктеме берді
Семей қаласындағы оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
«Ағымдағы жылдың 01 ақпаны күні сағат 16:30 шамасында Қабанбай батыр көшесінде бұрын сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілген шұңқырға «ВАЗ» көлік құралын басқарған 44 жастағы жүргізуші қауіпсіздік ережелерін сақтамай қозғалыс жылдамдығын арттыру нәтижесінде аударылуға жол бергенін хабарлайды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады.
«ВАЗ» көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл бұзушылық ескертуге немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Оқиғалардың алдын алу, жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Абай облыстық полиция департаменті әрбір жүргізушіге жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді.
Тағыда оқыңыз